Жаңа концерттер мен байқаулар. Әлемдік музыка аренасында Қазақстанды таныту. «Славян базары» фестивалінің гран-при иегері осындай мүмкіндіктерге ие болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақ Ұлттық музыка академиясының» ректоры, профессор Айман Мұсаходжаева мәлімдеді. Әнші Түркістан қаласына және Норвегияда өтетін Қазақстанның мәдени күндеріне шақыру алды.