«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының әлеуметтік маңызы жоғары және бүгінде білім беруде жүзеге асырылып жатқан президенттік реформалардың қозғаушысы болып табылады. Өйткені олар мұғалімдердің миссиясын дәріптеуге және педагог кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ төрағасы Лима Диас мәлімдеді.