Соңғы 2 күнде «Ashyq» жүйесіне қосылуға ниет білдірген кәсіпкерлер саны 5 мыңға дейін артты. Ал 2 тамыздан бастап тәуекел аймақта орналасқан 5 өңірде 100 мыңға жуық кәсіпкер «Ashyq» жүйесіне қосылады деп күтілуде. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.