Сіз судьялардың жарыстағы әрекеттеріңіздің бірін әділетсіз есептегенімен келісесіз бе? Бұл туралы ОКҚ брифингінде журналистер Игорь Соннан сұрады. Ол XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 2021 жылдың 25 шілдесінде Токиода 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Игорь Сон қоссайыста 294 (131+163) кг көтеріп, үшінші орын алды.