«Жеңіліс – спортшы үшін өте ауыр соққы, қалыпқа келу үшін біраз уақыт қажет». Қазақстан еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова отандық балуанның Олимпиададағы жеңілісіне орай осындай пікірін жеткізді. Грек-рим күресінен 1/8 финалда Эльмира Сыздықова қырғызстандық қарсыласына есе жіберді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қатысушылардың сұрақтарына жауап берген Гюзель Манюрова боз кілемінің сыртында болудың қандай екенін айтып берді.