Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова Токио Олимпиадасына қатысушы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықованың жеңілісінің бірнеше факторын атап өтті. Ол қазақстандық балуандар командасына жетекшілік етеді.