Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман карантиндік шаралар жеңілдетілген жағдайда вакцинациялау процесі коронавирустың аса жұқпалы вакцинаға төзімді жаңа штамдарының қалыптасуына әкелетініне сенімді. Бұл бүгінде әзірленген тиімді вакциналар түріндегі селекциялық қысым жағдайында вирустың тіршілік етуінің табиғи процесі. Қорытынды – азаматтардың басым бөлігі - шамамен 80% вакцина алғанға дейін карантин мен шараларды жеңілдетуге болмайды. Әйтпесе, жаңа толқындар, жаңа індеттер сияқты «өрт қауіпті» жағдайлармен ұдайы күресетін боламыз. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында ол осындай пікірін жеткізді.