Қазақстанда жұмыс іздеу және кандидаттар іздеу бойынша ірі интернет-ресурс-электрондық еңбек биржасын тұрақты дамыту маңызды міндет болып табылады. Оған барлық жұмыспен қамту орталықтары, 44 жеке жұмыспен қамту агенттіктері және жұмыс іздеу бойынша 5 интернет-алаң қосылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов мәлімдеді.