Биыл Президенттік кадр резервіне үміткерлерден мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын құжат талап етіледі. Бұл іріктеуге енгізіліп отырған жаңашылдықтардың бірі. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мәлімдеді.