Елордада жақында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша Паралимпиадалық жаттығу орталығы ашылды. Онда мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың барлығы кәсіби спортпен тегін айналысады. Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов бұл бұқаралық спортты дамытудың және мүгедек адамдарды тартудың ең жақсы үлгісі деп санайды.