Оқушы орындарының тапшылығы мәселесі өте өткір тұр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында мыңдаған жаңа мектеп салу туралы айтты. Бұл сан жеткілікті ме? Қазір қажет болып тұрғанда бұл мектептерді кім салады? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында осы мәселе көтерілді. «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті Мәдина Тыныбаеваның айтуынша, қазақстандықтардың адами капиталын арттыру, білім беруді дамыту – әрдайым Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларының маңызды бөлігін құрайды. Бұл жолы да барлық салалар үшін кадрлық әлеуетті дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылды. Білім беру жүйесі жайлы Жолдауда нақты айтылды.