Қазір ТЖ уақыты. Демалып, табалайтын уақыт емес, білекті сыбанып, іске кірісу керек. Сондықтан биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының барлық қызметкерлері жұмыс істеуде, жұмыс істейді және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға дайын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы ғылымды дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға арналған брифингте ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді.