Климаттың өзгеруі мәселесі уақыт өткен сайын кең таралып, тез қарқын алуда. Кейбір үрдістер қазіргі уақытта, әсіресе, ағымдағы уақыт шеңберінде қайтымсыз болып отыр. Бұл факт – Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың жақында жасаған есебінің негізгі қорытындысы. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш оны «адамзаттың қызыл коды» деп атады. «Дабыл қоңырауларының дауысы зор, ал дәлелдер жоққа шығарылмайды». Оның сөздерін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори келтіріп өтті.