Ауа ластануының адам денсаулығына тікелей әсері бүгінде үлкен алаңдаушылық тудырады. Жалпы, 2019 жылы 6,7 млн өлім ауаның ластануымен байланысты болды, бұл бүкіл әлемде өлім мен мүгедектіктің төртінші маңызды факторы болып тұр. Түрлі зерттеулер ауаның ластануы коронавируспен ауыруға ықпал ететін фактор болуы мүмкін екенін көрсетті; ауаның ластануы мен денсаулықтың ауыр проблемалары арасындағы байланыс анықталуы жалғасуда. Ауаның ластануы тек Қазақстанға ғана тән емес: бұл проблема географиялық шекараны білмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш мәлімдеді.