Осы уақытқа дейін коронавируспен ауырмаған адамның вакцинаның І компонентін салдырған соң ауырып қалған жайттар кездесіп жатыр. Мұндай жағдайлар неге орын алады? Оларға вакцинаның ІІ компонентін қанша уақыт өткен соң салынады? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сұрақ қойылды. Оған м.ғ.к., ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді.