Қостанай облысында COVID-19 жұқтырған 31 486 адам тіркелді, өткен тәулікте – 156 науқас анықталды, оның ішінде 145-і симптомды. Соңғы екі аптада облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен ауыру тұрақты түрде төмендеп келеді. RT коэффициенті бірліктен төмен. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев жария етті.
Соңғы екі аптада тұрғындар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру тұрақты төмендеп келеді - Қостанай облысының санитарлық дәрігері
Тегтер:
денсаулық сақтау