Атырау қаласында өнеркәсіп объектілерінен шығарындылар көлемі 35 мың тоннаны құрайды, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесі 30%. Жыл бойы ауаның күкіртсутегімен жоғары ластану жағдайлары үнемі тіркеледі, оның көзі «Сасық сай» булану өрісі болып табылады. Жол картасы аясында мың гектардан астам алқаптарды қалпына келтіру жоспарлануда. Жұмыс басталды. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасовтың айтуынша, науқанның жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайды.
Жаңа тазарту құрылыстарын салу қайта су пайдалану есебінен «Астрахань-Маңғышлақ» суағарынан суды тұтыну көлемін 70%-ға қысқартуға мүмкіндік береді
Тегтер:
сот төрелігі