Атырауда медициналық кадр тапшылығы өткір тұр. Салаға әлі жүздеген маман жетіспейді. Осы мәселе қалай шешіліп жатыр? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сұрақ қойылды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің мәліметінше, бүгінде 1450 астам дәрігер, 5100 орта буын медқызметкері жұмыс істеуде. Кадр жетіспеушілігі 219 маманды құрайды.