Бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы болып табылатын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.