Пандемияға қарамастан, ішкі нарықта дизель отынын тұтыну көлемі өсуде. Егер 4 жыл бұрын өндіріс көлемі 4 млн тонна болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 5 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар, әр түрлі бағалаулар бойынша төмен баға жылына 500-800 мың тоннаның «сыртқа ағылуына» әкеледі. Қазан айында Павлодар МӨЗ-ін жоспарлы жөндеу де 3-5% ықтимал тапшылыққа алып келуі мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов осындай талдау мен проблеманы шешудің ықтимал жолдарын келтірді.