ҚР Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет ерекше қажеттіліктері бар талантты адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін «Өнерпаз болсаң…» республикалық фестивалін ұйымдастыруда. Байқауға қатысуға өтінімдер 8 қазанға дейін қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомствоның Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев хабарлады.