Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттің қолдауымен мал шаруашылығын дамыту қолға алынды. Орталық коммуникациялар қызметі өткізген көшпелі брифингте «Дайындық» ЖШС директоры осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Біржан Шаймерденов осыдан 3-4 жыл бұрын 1200 басқа арналған үлкен кешен салып, Австриядан 600 бас мал әкелген. Бүгінде кәсіпкер күніне 11 тоннаға жуық сүт тапсырады.