Үстіміздегі жылдың 8 айында 19,411 млн тонна көмір эспортталды. Өзге елдерге жөнелтілетін қатты отынның сапасы мен қажеттілігі әртүрлі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игисинов хабарлады.