Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-қадамын және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізілуде. Жеке тұлғалар бірінші жылы декларациялау жүйесіне кіру күніне жинақталған активтерді тіркеу үшін активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын тапсырады, кейіннен негіз болған жағдайда жыл сайын кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады. Декларациялау кезеңдері мен оны жүзеге асыру туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев баяндады.