Коронавирусқа қарсы жаппай иммундау жалғасуда. Қарағанды облысында бірінші компонентпен 523 мыңнан астам адам, екінші компонентпен – шамамен 465 мың адам егілді. Ірі өндірістерде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру есебінен ірі өндірістер тұрақты жұмыс істейді. Өткен жылы жағдай басқаша болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысының орынбасары Ермек Алпысов мәлімдеді.