Қоғамдық кеңестер – бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі басты арқау институттардың бірі, оның мақсаты барлық деңгейлерде шешімдер қабылдауда азаматтық қоғамның мүдделерін жеткізу және ескеру болып табылады. Бұл шын мәнінде бұрын-соңды болмаған институт, өйткені орталық атқарушы органдар, сондай-ақ өңірлік әкімдіктер мен ұлттық компаниялардың әртүрлі деңгейлерді ауқымды қамтуы ТМД елдерінде де, аймақтағы басқа да елдерде жоқ. «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық институттар туралы сарапшылық пікірімен бөлісті.