Жәбірленушілерге өтемақы қоры жәбірленушілерге алғашқы біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жағдай жасайды. Бұрын зиянды өтеу заңды күшіне енгеннен кейін сот шешімі бойынша өтелетін. Қазір өтемақы жәбірленушілерге кінәлі адамдар ұсталғанға дейін және сот істі қарағанға дейін төленеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ақша төлеу шарттары туралы айтып берді.