Халықты жаппай вакциналаумен қамту үшін 36 медициналық ұйымда және қаланың 5 сауда кешенінде вакцинация пункттері ашылды. Жаппай вакциналау басталғаннан бері сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 100 мыңға жуық адам егілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов мәлімдеді.