Энергетика министрлігі нарықты тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдады? Көктемде қорлардың азаю қаупін көріп, автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды, ағымдағы жылы сәуір айынан бастап темір жол көлігімен дизель отынының экспорты тоқтатылды, Атырау МӨЗ-ін жоспарлы жөндеу 2022 жылға ауыстырылды және қазан айында АМӨЗ мен Шымкент МӨЗ мұнай жеткізілімдерімен 100 мың тонна мұнайға қосымша жүктеме алды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.