Сұйытылған газ өндірісі жылына 3,2 млн тоннаны құрайды, 1,5 млн экспортқа шығарылады. Энергетика министрлігінің мониторингіне сәйкес сұйытылған газды тұтыну артып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Әсет Мағауов хабарлады. Мысалы, 2019 жылы 139 мың, ал ағымдағы жылы – 313 мың автомобиль сұйытылған газ пайдаланған.