Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Атырау МӨЗ жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыстырылды. Қазан айында мұнай өнімдерін барынша өндіру мақсатында Атырау және Шымкент МӨЗ үшін рекордтық мұнай өңдеу көлемі жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеев мәлімдеді.
Екі МӨЗ-де отынның барлық түрлері бойынша өндіріс озыңқы қарқынмен жүруде
Тегтер:
энергетика