«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 261 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов хабарлады.