Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіндегі өз жолдауында 2025 жылы халықтың сапалы сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша елдегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 94,1% құрады, оның ішінде: ауылдарда – 90,1%, қалаларда – 97,5%. Бұл 17,7 млн астам адам. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов Қазақстанның қалалары мен ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.