Өңірде вакцинация жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 14 қазандағы жағдай бойынша I компонентпен – 161 814 (41,7%), II компонентпен 140 920 (36,3%) адам егілді. Сонымен қатар, өңірде науқас арасында вакцинаның І компонент алған 89 науқас, оның ішінде реанимация бөлімшесінде 2 науқас ем алды. ІІ компонент толық алған 65 науқас, оның ішінде реанимация бөлімшесінде 4 адам ем алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова осындай мәліметтерді келтіріп өтті. Вакцинация жұмыстарына қосымша барлық қажетті ресурстар жұмылдырылып, күшейтілген режимде жалғасуда.