Денсаулық сақтауды жаңғырту, ұлт денсаулығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айта отырып, мынадай сұрақ туындайды: Денсаулық сақтау министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы неге қазақстандықтарға іс жүзінде үлгі көрсетпейді? Біз сіздерді спортзалдардан көрмейміз, қандай да бір жаман әдеттен бас тартуға үгіттемейсіздер Үкімет мүшелеріне қандай да болмасын жаттығулар жастпайсыздар… Мысалдар жоқ. Бұл жағдайды өзгертуге дайынсыздар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистен денсаулық сақтау министрлігі басшысына осындай сұрақ қойды. Алексей Цой бірден Ұлт денсаулығы үшін бәріне де дайын екенін мәлім етті.