Ревакцинацияны Pfizer вакцинасымен де жасатуға болады. Ал бұл вакцинаны салу жоспарланған жасөспірімдер мен жүкті әйелдер ше? Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде һткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беріп, алаңдаушылықты сейілтті. Алексей Цойдың айтуынша, басымдықтар санаттар бойынша анықталады. Қазір бұл 12 жастан асқан балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер, яғни олар басқа екпемен қамтылмаған. Ересектер ДДСҰ мақұлдаған басқа вакциналармен егіле алады. Олар қолда бар.