ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АӨК дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның мақсат-міндеттеріне тоқталды. Оның айтуынша, импортқа тәуелділікті төмендету және мал шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру мақсатында қарқынды мал шаруашылығына көшу жалғасатын болады.