Биыл өнімділік өткен жылдарға қарағанда төмен. Шенеуніктер бұл жағдай ішкі нарыққа әсер етпейді деп сендіруде. Дегенмен, қазір ұн, нан бағасының көтерілгені байқалуда. Атап айтқанда, БҚО, Павлодар облысында нарықта реакция болды. Бұдан әрі жағдай қалай өрбиді? Жалпы, ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны ұстап тұру және нарықты өнімдермен қанықтыру үшін қандай жұмыстар атқаруда? Шаралар кешені әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев мәлім етті.