Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығы өндірісі саласын дамыту бойынша арнайы Жол картасын дайындады. Оның негізгі сәттері алаңдарды, тиісінше, азық дақылдарын өндіру көлемін ұлғайту болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев журналистердің келесі жылы қуаңшылықтың алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы қойған сұрағына берген жауабында мәлімдеді.