Көкөніс тобы, қарақұмық, күнбағыс майы. Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының қорын арттыру бағытында жұмыс істеуде. Ведомство үшін азық-түлік пен тауарлардың оң теңгерімін қамтамасыз ету маңызды. Ал бағалар нарыққа реттеуші әсер ету және тұрақтандыру қорларын қалыптастыру арқылы тежеледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов журналистердің сұрақтарына берген жауабында айтты.