Елімізде ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту мақсатында III Nobel Fest шарасы онлайн форматта өтеді. Nobel Fest – жылына екі рет өткізілетін Еуразия құрлығындағы ең ауқымды және беделді іс-шараларының бірі. Оның аясында Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрістері өтеді. Шараның негізгі мақсаты – ҚР, Орталық Азия, Кавказ мемлекеттеріндегі түрлі салада жұмыс істейтін азаматтарға әлемдегі ең мықты Нобель сыйлығы иегерлерімен, белгілі ғалымдармен, бизнес саласындағы танымал адамдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков мәлім етті.