Биылғы жылы оқу процесі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. 1-7 қарашада күзгі каникул басталады. Бүгінгі күні барлық мектептерде жиынтық бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалау жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.