ҚР Ветеринария туралы Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған аспалы құлақ сырғаларын мемлекеттік сатып алу әкімшісі АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің республикалық эпизоотияға қарсы жасағы болып табылады. Осы ұйым ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүргізеді, оған құлақ сырғаларының жергілікті жерлердегі қалдықтарының (пайдаланылмаған) мониторингі кіреді. Мұндай мәліметтерді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев мәлімдеді.