Қазақстанға көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін төмен көміртекті технологияларға шамамен 650 млрд АҚШ долларын инвестициялау қажет. Бұл қаржы мөлшері 40 жылға есептелген. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, салымдардың ең көп үлесі электр және жылу энергиясын өндіруге – 305 млрд доллар, көлікке – 167 млрд доллар, тау – кен және өңдеу өнеркәсібіне – 65 млрд доллар, ТКШ – 57 млрд доллар, ауыл шаруашылығына – 49 млрд доллар қажет.