Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елімізде энергетика саласын дамытуға қажетті инвестициялар мөлшерін атады. Негізгі энергетика қорларының жоғары тозуын ескере отырып, 2060 жылға дейін энергетикалық секторды жаңғырту үшін шамамен 305 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту керек.