Қоғамдық қатынастардың, сот процестерінің барлығы әділдік пен заңдылық ұғымдарының шеңберінде туындайды. Ең басты қағидат – адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары және мемлекеттің сот жүйесінде алар орны. Сот жүйесі үшін ең басты мақсат – қоғамның сотқа деген сенімін арттыру. ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Айдос Сәдуақасовтың айтуынша, 2018 жылдан бастап сот жүйесіне жобалық менеджмент элементтері енгізілді. Ең алдымен, сот ұйым ретінде қарастырылды. Кез келген ұйым секілді онда да 3 кезең бар: «кіріс – процесс – шығыс». Кіріс – сотқа түсетін істер; жаңа судьялық кадрлардың келуі; соттардың инфрақұрылымы мен сервисі. процесс – сот ісін жүргізу кезеңі. Шығыс – бұл қорытынды сот актілері. Сарапшылармен бірлесіп, осы үш кезең бойынша жан-жақты, егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.