Бізге басқа елдерден келетін науқастар бар. Бір жұп Австралия мен Кореяда ұрықтандыру бағдарламаларына қатысқан, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, «Persona» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры, ҚР Бас репродуктологы Вячеслав Локшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өз пациенттерінің жетістіктерімен бөлісті.