Президент Жарлығымен азаматтық секторды ұзақ мерзімді перспективада дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат – азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау басты қорытындылардың бірі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.