IT-саласында адами капиталдың маңыздылығы жоғары. Үлкен инфрақұрылым– зауыттар, фабрикалар және басқа да материалдық активтер қажет емес. Бұл – интернетке қолжетімділігі бар ақылды, дарынды адамдар. Осы тұрғыдан елімізде көптеп мамандар дайындауға мүмкіндік бар. Бірақ жоғары оқу орындары мен колледждердің болуы жеткіліксіз, жеке компаниялар мен коммерциялық және коммерциялық емес жеке ұйымдарды да тарту қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлем» бағдарламалау мектебінің бас атқарушы директоры Дагар Давлетов мәлімдеді.