Қызылорда облысы «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, коронавирустық инфекцияны тежеу негізгі бағыттардың бірі болып қалуда. Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын облыс тұрғындарының 86,2%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы екінші компонентін алды. Бұл туралы өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.